UniSat жобасы бойынша онлайн конференция

3 қараша, 2020

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік туралы 1325 Қарарының 20 жылдығына орай ҚазҰУ ұйымдастырған онлайн-конференция өтті. Шараға Қазақстан Республикасындағы елшіліктер өкілдері қатысты.

 

Еске салайық, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркімен бірге  "UniSat" атты қыздарға арналған наноспутниктер жасау бағдарламасын іске қосқан болатын.

 

 Бұл жобаның мақсаты - қыздардың наноспутниктерді жасаудағы білімдері мен құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ топтық жұмыс, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты басқару және шығармашылық сияқты дағдыларын жетілдіру.

 UniSat жобасы аясында Қазақстанның әр аймағынан келген 14-тен 35 жасқа дейінгі 20 қыз бес ай ішінде ҚазҰУ-дың Ғылыми-техникалық паркінде наноспутник құру курстарынан өтуде. 

 

 Бұл шара БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік туралы 1325 Қарарының 20 жылдығына тұс келіп отыр.

 Жоба бізді  әйелдер үшін барлық көкжиектер ашық екендігіне сендіріп, шабыттандырады.

 Қыздарға сәттілік тілейік!