Отандық және әлемдік психологияның жай-күйі және даму перспективалары

6 қараша, 2020

Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы – көрнекті қазақтың, Қазақстанның психологы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол психология-педагогика ғылымдары саласында қазақстандық ғалымдардың тұтас ұрпағын тәрбиеледі.

Конференцияға 130-дан астам адам қатысты. Бұл Қазақстан, Ресей, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары, психологтары, оқытушылары, студенттері мен магистранттары.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Әлия Рымғазықызы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Братусь Борис Сергеевич (Ресей, Мәскеу қ.) құттықтау сөз сөйледі

Әр елден келген ғалымдардың баяндамалары тыңдалды:

1. Гарбер Алена Ильиничина, Лейпциг университетінің профессоры, PhD (Германия). Баяндама тақырыбы: Қазақстандағы стресстік зерттеулерге шолу: бүгіні мен болашағы.

2. Бендас Татьяна Владимировна, психология ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Санкт-Петербург қ.). Баяндама тақырыбы: Көшбасшылық психологиясының гендерлік және кросс-мәдени мәселелері.

3. Джумагельдинов Асқар Нүркенұлы, Лион католиктік университетінің профессоры, PhD (Франция). Баяндама тақырыбы: Әлемдік ғылым контекстіндегі қазақстандық психология: Франциядан көзқарас.

4. Мен Чен Чунг, Гонконг Қытай университетінің профессоры, психология ғылымдары бойынша PhD (Шеффилд университеті, Ұлыбритания) философия докторы (Дюркгейм университеті, Ұлыбритания). Британдық психологиялық қоғамның мүшесі, практик-психолог және ғалым. Баяндама тақырыбы: Посттравматикалық стресстің сотталушылар арасындағы ашуға және онымен байланысты психикалық бұзылуларға ықпалы: психикалық дисрегуляцияның және ажыратылған диссоциацияның рөлі.

С.М. Жақыповтың студенттері мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті, керемет Дос, Ұстаз және Ғалымның шығармашылық және кәсіби жолы туралы баяндады.