Шоқан Уалихановтың 185 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел
2020 жылдың 6 қараша күні, Ш.Уалихановтың туғанына 185 жыл толуына орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ш. Уалиханов: қазақ даласының тамаша метеоры » атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Бұл күні « Глосса» көпсалалы ғылыми-инновациялық орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі (ҚОТӘМБ), «ALTAIR» балалар кітаптары академиясымен бірлесе отырып «Дәуір және тұлға» ғылыми-білім беру жобасы аясында ұлы ойшыл - Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығын бағалайтын студенттер мен оқытушыларды біріктірді.
Іс-шараның модераторы, сонымен қатар бастамашысы филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы сөйледі.
Дөңгелек үстел бағдарламасында сөз сөйлегендер:
- Сулейменова Элеонора Дюсеновна - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығының президенті (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
- Шерматова Саадат Нұрланқызы - Ж.Баласағының атындағы КҰУ Кәсіби колледжі (Қырғызстан, Бішкек) директорының әдістемелік жұмыс және өндірістік практика жөніндегі орынбасары.
Дөңгелек үстелге Қазақстан (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Петропавл), Австрия, Вьетнам, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген оқытушылар, ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Ғалымдардың қызықты ғылыми баяндамалары: Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Д.С. Кулмаматова (Ташкент қ.); Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры В.Д. Нарожный; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасының доценті З.А. Мұқанова; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті М.А. Бурибаева, EAGI доценті Ж.Д. Маликова; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Д.Б. Аманжолова; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары - И.Кузнецова, Г.Янжун, А.Ысқақова тыңдалды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық пен ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Қатысушылардың әрқайсысы, әсіресе студенттер, магистранттар мен докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар және жаңа түсініктер алды.