2020 жылдың 29 қазанында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда филология ғылымдарының докторы, профессор, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашұлы Омашевтың 70 жасқа толуына арналған «ҰЛТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.
Конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің бекітуімен, «Өнегелі өмір» сериясы аясында жарық көрген Намазалы Омашұлы тұлғасына арналған кітаптың тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі, фото-көрме ұйымдастырылады.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады.
Қосымша ақпарат:
Намазалы Омашев 1950 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысының Мерке ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген. Ол филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебі Ғылым Академиясы мен Қазақстан Журналистика Академиясының академигі. ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика бойынша дүниежүзілік ORBICOM ұйымының, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2004), Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының (2007), «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2019).
Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1974-1977); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (1977-1979), аға оқытушысы (1979-1986), доценті (1986-1992), радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (1993-1995); ЮНЕСКО жанындағы ORBICOM ұйымының мүшесі (1995); журналистика факультетінің деканы (1995-2001); ЮНЕСКО-ның бұқарамен байланыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі (1996-2009); журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (1996-2001); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры (2001-2008), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы (2010-2011), Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (2011 – 2015), қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры (2015-2019), 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры.
Конференция материалдары жеке жинақта шығарылады.
Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы конференция басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
Материалдар 2020 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
Жарияланым талаптары:
1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.
2.Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.
3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].
Мақаланың (баяндаманың) элоктронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: seitzhanova.zhanat1@gmail.com
Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2020 жылдың 29 қазанына дейін ұсыну қажет.
ТІРКЕУ НЫСАНЫ
1.Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай)_________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________
3. Мекеме, лауазымы ______________
4.Мекен-жайы___________________
5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________
6.E-mail___________________
7.Мақаланың тақырыбы________________
Баяндаманы конференцияға дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861
Онлайн ZOOM Конференцияның жеке идентификаторы 328 087 2220
Код: 123123k
Онлайн ZOOM Конференцияның жеке идентификаторы 328 087 2220
Код: 123123k