2020 жылдың 27 қараша күні сағат 15.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша, Қазақстан) халықаралық ынтымақтастық аясында энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы баласы» атты әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өтеді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы (Алматы, Қазақстан, https://www.kaznu.kz/) және Ресей халықтар достығы университеті Шет тілдер институты (Мәскеу, Ресей, http://inyaz.rudn.ru/), Стамбул университеті Әдебиет факультеті (Стамбул, Түркия) (https://edebiyat.istanbul.edu.tr/tr/).
Осы жылы барлық ілгерінді әлемдік қауымдастық шығыстың ортағасырдағы ойшылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуде. Шығыстың Ұлы ойшылының мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталар мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілген және ИСЕСКО, ИҚО, ТҮРКІСОЙ және басқа да ұйымдардың қолдауымен халықарлық мәдени алаңдарда кеңінен атап өтілетін болады. Ұлы ойшыл кезінде: «егер елдің болашағын танығың келсе, маған жастарыңды көрсет, сонда мен сенің болашағыңды айтып беремін» деп айтқан екен. Әл-Фарабидің адамның, жас ұрпақтың зияткерлік-адамгершілік қасиеттерін жетілдіру жөніндегі мұрасын зерттеу, танып-білу қоғамның үйлесімді әрекет етуіне ықпал ететіндігі сөзсіз.
Іс-шараның мақсаты: орта ғасыр дәуірінің ұлы ойшылы, энциклопедист және философ, әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасына деген тағзым мен құрметті білдіру үшін әртүрлі елдің жас ұрпақ өкілдерінің басын біріктіру.
Міндеттері:
а) ұлы ғалым, Шығыстың ойшылы, математик, астролог, музыкатанушы, Аристотель ілімін жалғастырушы әл-Фарабидің мұраларын еске түсіру;
б) елдің, адамзаттың, ғылымның дамуы мен гүлденуі жайлы әл-Фарабидің ойларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;
в) жастарды жан-жақты ойлануға, ғасырлар бойы жиналған бай мұраны сақтауға, құрметтеуге және келесі ұрпаққа жеткізуге үйрету.
Сілтеме
Толық мәліметті Ұйымдастыру комитетінен алуға болады
Байланысу деректері:
Gulmira.Madiyeva@kaznu.kz, +7 (7172) 3773330 (1329) (әл-Фараби ат. ҚазҰУ)
bezroukova_n@pfur.ru, +7 963 978 68 09 (РХДУ ШТИ)
sapashevo@gmail.com, + 90 552 003 93 17 (Стамбул университеті)