Жамбул Жабаев - Ұлы дала абазы

25 ақпан, 2021

2021 жылдың 22 ақпанында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Онлайн-конференцияны ұйымдастыру мен өткізуге «Журналистика» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты. Аталмыш іс-шара үш тілде жүргізілді. Студенттер белгілі ақынның өмірінен көптеген тарихи фактілер келтіре отырып, қызықты баяндамалармен қатар ақпараттық презентация жасады.
Жамбыл Жабаев – қазақ халқының ақыны. Өз өлеңдерінде Жамбыл халықтың өмірін
шынайы жырлап, табиғи суреттеді. Жамбыл өлеңдерінің мәнері,
поэтикалық ерекшеліктері  психологиялық қанықтығымен және шынайы өмірді бейнелеуде нақтылығымен, баяндаудың жан-жақтылығымен және эпикалық қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ақынның өлеңдері кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің  беттерінің жарқын көрінісі іспетті.
Қытай Халық Республикасынан (Ши Чэнсяо) және Вьетнам Социалистік Республикасынан (Фан Нгок Май) келіп білім алып жатқан шетелдік студенттер үш тілде жүргізілген іс-шараның ағылшын тіліндегі жүргізушісі болып, өз үлестерін қосты. Ал болашақ филолог студенттер тыңдаушыларды бір сәт поэзия әлеміне еніп, ақынның жыр жолдары жақұттарына терең бойлауға жетелеп, көркем эпитеттермен безендірді.
Журналистика факультетінің студенттері Қажымұрат Ақниет пен Мұрат Қымбат Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып беріп, жыр  кешінің мәртебесін арттыра түсті.

https://youtu.be/-1Zgb6l_3mA