Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің инжеренерлік мамандық бойынша оқытушыларына арналған IPET-1 үздіксіз білім беру модулі 2020 жылдың желтоқсан айының 21-інен бастап 2021 жылдың қаңтар айының 20-сы аралығында жүргізілді. Бұл модульда «Инженерлік педагогикадағы инновация», «Тайм менеджмент» және «Тиімді коммуникация» пәндері 2 EСTS көлемінде жүргізілді.
Естеріңізге сала кетсек, ENTER жобасының негізгі мақсаты - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде, мәдениетаралық қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына негізделген инженер-педагогтардың кәсіби-педагогикалық дайындығының инновациялық көп деңгейлі модульдік жүйесін жасақтау (http://www.erasmus-enter.org/about.php?lang=ru). Сонымен қатар бұл жүйе пайдалану ыңғайлылығымен, қаржылық шығындарының төмендігімен және замануи электрондық оқыту технологияларын тиімді қолданылуымен ерекшеленеді.
Дисклеймер. Жобаны Еуропалық Одақтың Erasmus + бағдарламасы қоса қаржыландырады. Бұл веб-сайтта тек авторлардың көзқарастарын көрсетеді және Еуропалық Комиссия ондағы ақпараттарды пайдалануға жауапты емес.