5 наурыз 2021 жылы филология және әлем тілдері факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Махметова Д.М., Исабаева Б.К. және М.Мырзахмет Microsoft Teams платформасында физика-техникалық факультеті мен химия және химиялық технология факультетінің бірінші курс студенттерімен «Ағылшын тағамдары әлемі» атты білім беру іс-шарасын өткізді.
Студенттер іс-шара тақырыбы бойынша қызықты презентациялар дайындады. Студенттердің әрқайсысы ағылшын тағамдарының бірін таңдап, тағамның шығу тарихы және оның қалай дайындалғандығы туралы әңгімеледі.
Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлттық тағамы: «Бауырсақ» және АҚШ елінде кең таралған тағам: «Пончиктер» дайындалу барысының салыстырмалы аспаздық талдауын жүргізді. Іс-шара Kahoot платформасында «Мен ағылшын тағамдары туралы не білемін?» тақырыбында викторинамен аяқталды.