Магистранттар педагогикалық практикадан өтуде

3 сәуір, 2021

Мен Аскерова Айнұр, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биотехнология мамандығының 1 курс магистрантымын.

Магистранттардың ғылыми-педагогикалық практика аясында ғылыми жетекшім б.ғ.к, доцент Нармуратова М.Х.-мен дәріс және семинарлық сабақтардың тақырыбы келісіліп, оларды терең зерттеу үшін өзекті мәселелер тізімі құрастырылды, сабақ өткізу мерзімдері бекітілді.

Қазіргі таңда  «Биохимия» пәнінен- Дене шынықтыру және спорт мамандығы 19-01К және 19-02К топтарына қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша «Zoom» платформасында дәріс және семинарлық сабақтар өткізілді. Дәріс беру барысында, студенттермен кері байланыс орнатылды, өйткені дәрістен кейін көптеген жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, танымдық дисскуссия кезінде жауап қайтарылды. Оқылған материалдан кейін, студенттерге семинар сабағына тапсырма беріліп, қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Дәріс және семинарлық сабақтар өткізілгеннен кейін ғылыми жетекшіммен кездесу болды. Кездесу барысында сабақ өткізу нәтижесі талқыланып, қателермен жұмыс және сабақ өткізу ұсыныстары айтылды.