- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында «Түркі тілдерінің жасы мәселесі» атты онлайн семинар болып өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында «Түркі тілдерінің жасы мәселесі» атты онлайн семинар болып өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы, Спарта қаласы, Сүлейман Демирел университетінің түрік тілі мен әдебиеті бөлімі профессоры Осман Йылдыз мырзаның «Түркі тілдерінің жасы мәселесі» атты семинары өткізілді.
Түркі тілінің ең көне жазба ескерткіштерінің VIII ғасырдан бұрын да бар екендігі жайлы ауықымды мәліметтер берілді. Қазіргі күндегі жаңа зерттеулерге зер салатын болсақ, түрік атының V ғасырдың соңғы жылдарында Қытай жазбаларында tujue / tucue түрінде кездесетіндігін айта аламыз. Түркі халықтарына ортақ жазба мұраларымыз тек ғана Күлтегін, Тоныкөк емес онымен қоса, 687-692 жылдары аралығында жазылғаны жорамалмен айтылатын Чойр, Көл Ич Чор (Иһе-Хүшөтү) (719-723) секілді жазба мұраларымыздың да бар екендігін айтып, жоғарыда айтылған ескерткіштерден бұрын жазылғандығына назар аударды. Тағы бір айта кететін жай, шумерлер мен түркі тайпалары арасында тілдік байланыстың болуы еді. Осман Йылдыздың жетекшісі болған Проф. Др. Осман Недим Тунаның шумерлерге байланысты жазған «Шумер-Түркі тілдерінің қатынасы» атты еңбегін тілге тиек етіп, екі халықтың ортақ сөздерінің бар екендігін айтып өтті. Жалпы түркі тайпаларының отанының тек ғана Орта Азия емес Месопатамия жері де бола алатындығы баса айтылды. Осы мәселелерге байланысты зерттеулердің ауқымды емес екендігін де көрсетіп кетті. Семинарға көптеген зерттеушілер қатысып, өздерінің көзқарас және пікірлерімен бөлісті. Жиынның соңында факультет ұжымы атынан кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Нұрат Ілияс алғыс білдірді.