«Дұрыс тамақтану принциптері» тақырыбында онлайн-дәріс
«Салауатты өмір салты» жобасы аясында жапонтану кафедрасының 2 курс куратор-эдвайзері Г.Б. Тазабекованың жетекшілігімен 2021 жылдың 31 наурызында «Дұрыс тамақтану принциптері» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Қазақстандық ғалым, Ю.А. Овчинников атындағы Ресейдің биотехнологтар қоғамының мүшесі, академик, профессор, техника ғылымдарының докторы, ғылым мен өнертапқыштықтың дамуына қосқан үлесі үшін Альфред Нобель медалінің иегері, 40 жылдан астам уақытты тамақ биотехнологиясы саласын зерттеуге арнаған Сағымбек Әлтайұлы. Дәріскер 2 презентация жасады және дұрыс тамақтану тақырыбында дәріс оқыды және осы салада жүргізілген соңғы зерттеулер туралы сөз қозғады. Онлайн-кездесудің соңында студенттер профессор С.Әлтайұлына тағамдық қоспалар, ГМО өнімдері, тиімді тамақтану және т.б бойынша сұрақтар қойды. Онлайн кездесу жылы, шырайлы және достық атмосферада өтті. Дәріс жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар


