- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы түрік халықтарының мемлекеттіліктерін қалыптастыру жолындағы күресі тарихы»
«ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы түрік халықтарының мемлекеттіліктерін қалыптастыру жолындағы күресі тарихы»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті жанындағы Ататүрк институты бірлесе отырып 2021 жылы 16 сәуірде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай «ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы түрік халықтарының мемлекеттіліктерін қалыптастыру жолындағы күресі тарихы» атты онлайн форматта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференция мақсаты – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуы аясында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Ресей империясының қоластында болған қазақ және өзге де түрік халықтарының өз мемлекеттіліктерін қалпына келтіру жолындағы күресін қарастыру және халықаралық деңгейде бірлескен зерттеулер жүргізу болып табылады.
Конференция барысында қазақ және түрік халықтарының мемлекеттілігі тарихы мәселелері, Алаш қозғалысы және «Алаш» автономиясы, ҚазАКСР-нің құрылуы және оның қызметі, сондай-ақ ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басындағы тәуелсіздік жолындағы түрік халықтары күресі, аса көрнекті тарихи тұлғалардың рөлі мәселелері жаңаша көзқарастар тұрғысынан талқыланады. Сонымен қатар конференция жұмысы барысында түрік халықтарының азаттық күресі тарихына байланысты жүргізілген ғылыми ізденістердің нәтижелері мен тұжырымдары сарапталады.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Қазақ және түрік халықтарының мемлекеттілігінің тарихы мәселелері;
- ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы Ресей қоластындағы қазақ және түрік халықтарының мемлекеттіліктері үшін күресі мәселелері;
- Алаш қозғалысы және «Алаш» автономиясы;
- Қазақ АКСР-нің құрылуы мен қызметі;
- ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы қазақ және түрік халықтары тарихи тұлғаларының азаттық күресіндегі рөлі;
- Қазіргі зерттеулердегі қазақ және түрік халықтарының азаттық күресі мәселелері.
Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс, түрік және ағылшын.
Конференцияға отандық және шетелдік жетекші танымал тарихшылар, филологтар, қоғамтанушы ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.
Конференцияға қосылу Zoom:
https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09
Конференция идентификаторы: 831 371 6923
Кіру коды: 802233
ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!
Қосымша 1
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Конференция бағдарламасына кіргізу үшін, 2021 ЖЫЛДЫҢ 10 НАУРЫЗЫНА ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасы мен мақаланың 200-250 сөзден кем емес абстрактын ағылшын және түрік тілдерінде ұйымдастыру алқасына Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген файлмен жіберу қажет. Файлдың атауына автордың аты-жөні жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_abstract).
Баяндама конференцияның өткізілу тілдерінің бірінде жасалады, ал баяндама мәтіні ағылшын немесе түрік тілінде қабылданады.
Конференция жинағын дайындау үшін 2021 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН 6000-10000 сөз аралығындағы көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақаланың мәтінін ағылшын немесе түрік тілінде «конференцияға» деген айдармен электронды нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923 – Байдавлетова Мадина Досбергеновна, e-mail: conference.kazassr@gmail.com
Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың аты-жөні жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference).
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- ·
- · жоғарғы жағында баяндама тақырыбы Garamond (22 pt) курсивпен, 1 интервалдан кейін автордың аты, тегі, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, телефоны, электронды почтасы, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін жазылады;
- · суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт;
- · сілтеме мәтіннің соңында берілуі тиіс;
- · пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында автордың тегімен алфавиттік ретпен, көрсетілген мысал бойынша берілуі тиіс. Мысалы: LEWIS Bernard (1993) Modern Türkiye’nin Doğuşu
Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді.
Абстракт іріктеуден өткені туралы электронды почтаңызға хат жіберіледі. Іріктеуден өткен абстракт авторлары ғылыми мақаласын ақпараттық хатта көрсетілген талаптарға сай Ұйымдастыру алқасына жіберуге және конференция жұмысына қатысуға міндетті. Ұсынылған мақалалар конференция аяқталған соң 5 күн мерзімнің ішінде қаралып, Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия) жанындағы Ататүрк институтының халықаралық рецензияланатын, Web of Science және Scopus базасындағы 4-ші квартильдегі (Q4) «Қазіргі Түрік тарихы журналы» (Cumhuriyet tarihi araştirmalari dergisi – CTAD) рецензиясынан өтіп, іріктеледі. Журналдың шарттарын ilkeler_etikCTAD_Bahar 2020_.pdf (hacettepe.edu.tr) сайтынан алуға болады.
Аталған журналда мақаланы жариялауға шешім қабылданғандығы туралы ақпарат автордың көрсетілген электронды мекен-жайы бойынша хабарланады.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал. Басталуы: сағ.13.00.