ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ!

14 сәуір, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантураға алдын ала іріктеу келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

8D10102 – «Медицина»

8D10104– «Фармация»

8D10103 – «Мейіргер ісі»

3 жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша.

 

Алдын ала іріктеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1.   Ректордың атына өтініш (Қосымша 1)

2.   Жеке куәлік (көшірме).

3.   Жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмесі

4.   Оқу орнынан анықтама, егер үміткер осы жылы магистратурада немесе резидентурада білім алуды аяқтап жатса.

5.   Резюме (жеке мәліметтері, жұмыс тәжірибесі, білімі, дағдылары, жарияланымдары, конференцияларға қатысуы, тілдерді меңгеруі)

6.   Ғылыми, ғылыми-педагогикалық еңбектер тізімі (Қосымша 2)

7.   Қазақ / орыс тілдерінде диссертациялық зерттеуінің аннотациясы (Қосымша 3)

Үміткерлер, алдын ала іріктеу үшін өтініштер мен құжаттарды мына электронды пошталарға жіберуге болады: Gulzhan.Syrlybayeva@kaznu.kz , Zukhra.Baibusinova@kaznu.kz немесе Whats Аpp бойынша 8 747 461 28 53, 8 702 345 63 22

 

Докторантураға, «магистр» дәрежесі және 1 (бір) жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада білім алуды аяқтаған үміткерлер қабылданады.

 

Докторантураға түсушілер, шет тілдерді меңгеру бойынша жалпыеуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілдерін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды көрсетеді:

  •     ағылшын тілі

IELTS (АЙЛТС) шекті балл – 5,5 кем емес;

IELTS INDICATOR шекті балл – 5,5 кем емес;

TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – 460 кем емес;

TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл – 46 кем емес;

TOEFL PBT шекті балл – 453 кем емес;

  •      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauВ2/ В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/ В2 деңгейі);
  •       француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау бөлімдері бойынша В2 төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – 50 баллдан кем емес).

 

Ұсынылған сертификаттардың шынайылығы мен жарамдылық мерзімі, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен тексеріледі.