Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясының қорытындысы

17 сәуір, 2021

Биология және биотехнология факультетінде 2021 жылдың 7-сәуірінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ онлайн форматта Microsoft Teams платформасында өтті.  

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының 2 секциясының «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 6 баяндама тыңдалды.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 1 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Тоқтыбай А.К. лайық деп шешті. Тоқтыбай А.К. сонымен қатар Биология және биотехнология факультеті бойынша ІІІ дәрежелі ректордың дипломымен марапатталды. Тақырыбы: «ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ СТPЕСС КЕЗДЕPIНДЕГI ЖАНУАPЛАP ТЕPIСIНДЕГI БИОАКТИВТI НҮКТЕЛЕP ТЕМПЕPАТУPАСЫНЫҢ ТӘУЛIКТIК ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭНТPОПИЯЛЫҚ КӨPСЕТКIШIН ЗЕPТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті Нагимоллина Д.А. лайық деп шешті. Тақырыбы: «INFLUENCE OF LEARNING MODES ON THE CHRONOTYPES OF SCHOOLCHILDREN». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Садырбаева Г.Қ. лайық деп шешті. Тақырыбы: «ГЕМОДИНАМИКАНЫҢ ЦИРКАДИАНДЫҚ ЫРҒАҚТАРЫНА ГЕОМАГНИТТІ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Боранбаева Г.А.лайық деп шешті. Тақырыбы: «ЖАС ЖӘНЕ КӘРІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЛИМФА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т. Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Зияшева А.М. лайық деп шешті. Тақырыбы: «ОПРЕДЕЛЕНИЕ ПРОТОКОЛА НЕЙРОБИОУПРАВЛЕНИЯ ДЛЯ КОРРЕКЦИИ ПИЩЕВОГО ПОВЕДЕНИЯ, АССОЦИИРОВАННОГО С ОЖИРЕНИЕМ». Ғылыми жетекшісі, к.б.н., аға оқытушы Датхабаева Г.К. Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Манақбаева У.Е. лайық деп шешті. Тақырыбы: «БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА БІЛІМ БЕРУДЕ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Торманов Н.Т.

Исаева Н.Б.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушысы