- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мастер-класс «Географиялық білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер және оқыту әдістері»
Мастер-класс «Географиялық білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер және оқыту әдістері»
2021 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Алматы қаласы әкімдігінің «Ақылды ұрпақ» жобасы шеңберінде география және табиғатты пайдалану факультетінің жас ғалымдар кеңесімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері мен магистранттарына «Географиялық білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер және оқыту әдістері» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында спикерлер орта білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларын қолданудың әр түрлі мүмкіндіктерін ұсына отырып, ұсынылған әдістерді пайдалану арқылы оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыру мәселерін қозғады.
Мастер-класстың негізгі идеясы – тыңдаушыларға қазіргі заман талабына сай әр түрлі инновациялық оқыту әдістері, пандемиядан кейінгі кезеңде оқыту кезінде өте өзекті және қажетті ақпараттық технологияларды қолдана білу, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің оқуға деген қызығушылығын қалай жоғалтпау мәселелері. Аталған іс-шара аясында тәжірибеде пайдаланылған нақты мысалдар көрсетіліп, әртүрлі электронды ресурстарды қолдану арқылы студенттерге білім беру барысында олардың артықшылықтарына жете тоқталып өтті.
Мастер-класс кезінде студенттер заманауи оқыту әдістері мен технологиялары туралы жалпы ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар орта білім беру ұйымдары мен университеттерде сыналған нақты мысалдар бойынша нәтижелер, инновациялық әдістердің әрқайсысының ерекшеліктері, кемшіліктері мен мүмкіндіктері ұсынылды.
Мастер-класс студенттер мен магистранттардың, сонымен қатар оқытушылардың арасында үлкен қызығушылық тудырды.
|