- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша пәндік олимпиада
«Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша пәндік олимпиада
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада
ҚР Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында қашықтық форматта (ZOOM) пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, архивтану және құжаттану ғылым салаларында ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің I-ІV курс студенттері қатыса алады. Әрбір оқу орны олимпиаданың барлық байқауына қатысу үшін 3 (үш) командадан (құрамында 5 (бес) адамнан аспайтын команда) ұсынады. Барлық қатысушы командалар арасында ең жоғары балл алған ЖОО командасы жеңімпаз болып танылады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Олимпиада екі турдан тұрады:
28 сәуір 2021 жыл сағат 10.00
I-тур. Топтың сәлемдесуі, командалардың шығармашылық байқауы (топтың атауы, эмблемасы, ұраны ) - 7 мин.
II-тур. Үй тапсырмасы. Ғылыми жобаны қорғау (презентациямен) – 10-15 мин.
ІІ турдың бағыттары:
I. Қазақстанның архив ісі: мәселелері мен болашағы.
ІІ. Құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету.
ІІІ. Қазақстан. Тәуелсіздік шежіресі (еркін тақырып).
Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталады.
Жеңімпаздар (бірінші, екінші және үшінші орын алғандар) дипломдармен марапатталады:
● I орын үшін – I дәрежелі диплом, сондай-ақ команда қатысушыларының әрқайсысына атаулы сертификат беріледі (1 командадан артық емес);
● II орын үшін – II дәрежелі диплом, сондай-ақ команда қатысушыларының әрқайсысына атаулы сертификат беріледі (2 командадан артық емес);
● III орын үшін – III дәрежелі диплом, сондай-ақ команда қатысушыларының әрқайсысына атаулы сертификат беріледі (3 командадан артық емес).
Дипломдар Олимпиада аяқталғаннан кейін тапсырылады.
Олимпиадаға қатысушыларды марапаттау қазылар алқасының қорытындысы шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Командалардың Олимпиадаға қатысуға берген өтініштері келесі жағдайларда:
● байқауға өтінімді уақтылы ұсынбаған;
● өтінімнің Олимпиада талаптарына сәйкес келмеуі;
● қажетті құжаттарды толық немесе дұрыс ұсынбаған жағдайда қабылданбауы мүмкін.
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін командалар ұйымдастырушыларға Олимпиадаға қатысу өтінімін ұсынады (нысан бойынша, 1-қосымша).
Олимпиадаға қатысуға өтінімдерді 2021 жылғы 19 сәуірге дейін жолдау қажет және І тур (сәлемдесу) және ІІ тур (жоба) материалдары 2021 жылғы 23 сәуірден кешіктірілмей келесі электрондық мекенжайға ұсынылады: m.dyisenbay@mail.ru
Анықтама телефондары: 8(727)263-13-54, іш. 114 (Медет Дүйсенбайұлы), 8(727)264-42-10 (Шайлазымов Бахытхан Жолдыбаевич).
Өтетін орны: онлайн форматта ZOOM қосымшасы арқылы, сілтеме олимпиадаға қатысу туралы өтініште көрсетілген электронды пошталарыңызға жіберіледі.
Қосымша 1
«Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша XIIІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу өтініші
|
______________________________________ |
|
______________________________________ |
|
______________________________________ |
|
______________________________________ |
№ |
Команда мүшелерінің аты-жөні (толық) |
Байланыс телефоны |
|
Ғылыми жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|