«ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ»

29 сәуір, 2021

 

 

2021 жылдың ақпан айында механика-математика факультеті механика кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенімен бірлесіп, көрнекті механик-ғалым, ғылым мен жоғары білімді ұйымдастырушы, ірі мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, академик Ө.А. Жолдасбековтың 90 жылдығына арналған "ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ" атты бейне-фильм дайындап, түсірді.

 

Фильмнің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін механика кафедрасының профессоры м. а. Ж.Т. Жұмашева дайындады.

 

Фото және бейнетүсірілімді механика кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Бейне-фильм 01.03.2021 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ө.А. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жұмыстарының ХІ халықаралық байқауының ашылу салтанатында көрсетілді.

 

Фильмді дайындағандар: Идея авторы Д.Жәкебаев; Режиссері әрі редакторы: Д. Мұхамеджанов; Режиссердің жәрдемшісі: Ж.Жұмашева;  Мәтіннің сөзін даярлаған: Ж.Жұмашева; Монтаж: Б.Батан; Операторы: М. Өсер; Дыбыс режисері және музыкалық безендіру: Б. Құрманбеков; Фотограф: М. Жүнісбеков; Мәтінді оқыған: Ә. Аймишева. 

 

Бейне-фильмге сілтеме: БЕЙНЕФИЛЬМ: ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ

https://www.youtube.com/watch?v=g-xrWCzPdDE