ЭБЖМ "Қаржы" мамандығы студенттерінің командасы қаржы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадада бірінші орын алды

30 сәуір, 2021

 

2021 жылы 24 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолдауымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы қаржы бойынша пәндік олимпиада онлайн режимінде Microsoft Teams платформасында өтті. 1-ші жүлделі орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизес жоғары мектебі «Қаржы» мамандығының студенттерінің командасы иеленді. Жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Супугалиева Гульназым Ислямовна.