«Менің болашақ мамандығым» атты ашық тәрбие сабақFarabi University

«Менің болашақ мамандығым» атты ашық тәрбие сабақ

8 мамыр, 2021

 

2021 жылдың 28 сәуір күні сағат 14:00 де ZOOM платформасында Тұрақты даму бойынша Юнеско кафедрасының оқытушысы Даулетбаева М.М. кураторлық тобы «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны корғау» мамандығының 2 курс студенттерімен және «Экология» мамандығының 1 курс магистранты арасында бугінгі 28 сәуір халықаралық еңбек қорғау күнінде «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында ТЖ мамандарының қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатымыздың мақсаты – студенттердің бойында мамандыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру, осы салада жұмыс істейтін мамандарды шақырып, студенттердің мамандықтары туралы білімін кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу.

Қазіргі уақытта өндірістің күрделенуі және түбегейлі жаңа технологиялардың пайда болуы қоршаған ортаға теріс әсерді барған сайын арттырады және апаттар мен авариялардың көбеюіне, кәсіптік аурулар, жарақаттану мен адам өлімі деңгейінің өсуіне әкеледі. Барлық осы процестер тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандарды даярлаудың өзектілігі мен қажеттілігін анықтайды. Осыған орай, бүгінгі тәрбие сағатымызға ТЖ мамандары шақырылып, студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны корғау» мамандығы туралы мәліметтерін беріп, видеолар көрсетіп студенттердің сұрақтарына жауап берді.