Қазақ халқының мәдениетіFarabi University

Қазақ халқының мәдениеті

16 мамыр, 2021

2020 жылдың 30 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс эдвайзері «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Қазақ халқы өзінің қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Халқымыздың рухани мәдениеті ұлттық салт-дәстүрлерден, діни наным-сенімдерден, аңыз-ертегілерден, мақал-мәтелдерден, айтыс өнерінен, жыр-дастандардан, музыкадан және т.б. ұлттық құндылықтарымыздан нәр алады. Студенттер арасында ұлттық мәдениетімізді дәріптеу мақсатында өткізілген кураторлық сағатымыз танымдық-тәрбиелік мәнде өтті деген сенімдеміз.