Халықаралық қатынастар факультеті Жеңістің 76 жылдығын атап өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде Жеңістің 76 жылдығы және екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында қатысушылар фашизм және милитаризммен күрескен елдердің ұжымдық сабақтастығының тарихын білудің маңыздылығы туралы айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Әлия Масалимова шараға қатысқан басты қонақтарды профессор Лайла Ахметова, даңқты генерал И. Панфиловтың немересі, әрі қазақтың ұлы композиторы Бақытжан Байқадамовтың қызы Алуа Байқадамова, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі даңқты қытайлық композитор Сянь Синхайды таныстырды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, «Жеңіс күні» ең маңызды мереке болып қала береді. Дүниежүзі тарихындағы ұмытылмас оқиға қоғамды, әлемдік құрылымды түпкілікті өзгерткен болатын. Ол кезеңде соғыстың ауыртпашылығын бастан өткермеген бірде-бір отбасы болмады. Сондықтан да бұл күн біздің жадымызда мәңгі сақталады»,-деді проректор м.а Әлия Масалимова.
«Әрбір жауынгердің есімін еске алайық! Панфилов дивизиясындағы барлық жауынгерлердің есімдерін атап өтсек, өзге дивизия жауынгерлерін де табуға жеңілірек болады», - деген Лайла Ахметова қатысушыларды «Панфилов дивизиясы» және «Панфиловшылардың ұрпақтары» атты топта бірігуге шақырды. Ал даңқты генерал И. Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова Панфилов дивизиясының әрбір жауынгерін еске алу әрі рухтарына тағзым ретінде Алматыда ағаш түптерін отырғызуды ұсынды.