
Қатысушылар:«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер»-19-07 мамандығына оқып жатқан студенттер.
Бірінші болып топтың эдвайзер-кураторы Айтуганова Ж.Т., сөз сөйледі, студенттердің тәртібі және сабаққа уақытында қатысып отыруын, берілген тапсырмаларды уақытымен жіберіп орындалуын қадағалап баратынын айтып өтті.
Екінші сұрақ бойынша топ студенті Егізбай Дина баяндама оқып Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.
Студенттер арасында өзара пікір таластар болып, өз ойларын айтып баяндама, презентация мен ойларын жеткізіп отырды.
Басқа жаңалықтар
