Экономика және бизнес Жоғары мектебі деканының талапкерлермен онлайн-кездесуі

9 маусым, 2021

 

2021 жылдың 8 маусымында Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызының талапкерлермен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуге факультеттің басшылық құрамы, кафедра меңгерушілері де қатысып, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Бакалавриат, магистратура және докторантураға құжат тапсыру ережелері, факультеттегі білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері,  студенттік өмір және тағы басқа мәселелер талқыланды.