ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ӘРКЕТ ДЕКАДЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ

10 маусым, 2021

 

2021 жылғы 7 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған дөңгелек үстел өтті, онда келесі тақырыптар талқылануға алынды: 1) "Қоршаған ортаның балалардың әл-ауқаты мен денсаулығына әсері"; 2) "Қазақстанның экожүйесін қалпына келтіру"; 3) "қоршаған орта өзгерістерінің үй және жабайы жануарлардың мекендеуі мен өмір сүру жағдайларына әсері". Іс-шараны ұйымдастырушылары: Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы. Аталған іс-шарада БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының басшысы Құрманова Айдай Еркінқызы, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, БҰҰ Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, сондай-ақ "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі департаментінің, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Ашық диалогқа жас ғалымдар, атап айтқанда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының "Экология" мамандығының 3-курс докторанты Санжар Қаңтарбаев "Қазақстандағы қоңыр аю экологиясының ерекшеліктері (Ursus arctos Linnaeus,1758)"баяндамасымен қатысты.