Дәріс: "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"

1 қазан, 2021

29 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Мониторинг және талдау орталығы" ҚазҰУ колледжі студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.

Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚазҰУ аға оқытушысы философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Уринбасаровна сөз сөйледі. Сарапшы "діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды.

Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті деңгейде өтті, тыңдаушылар риза болды.