- Басты бет
- Жаңалықтар
- 5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді.
5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді.
                        9 қараша, 2021                    
                 
                
|  |  | 
|  |  | 
5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында  геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді. Биылғы жылы олимпиадаға 551 оқушы қатысуға ниет білдірген. Бір уақытта олимпиада Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар және Алматы қалаларында басталды.
Олимпиада 3 деңгей (лига) бойынша өткізіледі:
1 –деңгей: 7-8 сынып оқушылары;
2–деңгей:  9-10 сынып оқушылары;
3 –деңгей: 11-12 сынып оқушылары.
Иран олимпиадасы 2014 жылдан бері өткізіледі және 2015 жылдан бастап Халықаралық болып табылады. Аталған олимпиаданы Қазақстанда өткізу "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен келісілді.  Жаһандағы эпидемиологиялық жағдайларға қарамастан Иран олимпиадасына былтырғы жылы 48 мемлекет қатысқан.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
 
         
                                 
                                