ҚР Қарулы Күштері мамандарының біліктілігін арттыру курстары
ҚР Әуе қорғанысы күштерін метеорологиялық қамтамасыз ету ұшу қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Метеорологиялық қатынаста ұшу қауіпсіздігіне ұшудың метеорологиялық жағдайларын дұрыс бағалаумен, тұтынушыларға қажетті метеорологиялық ақпаратты уақтылы жеткізумен сипатталады. Осы мақсатқа жету үшін метеорологиялық қызмет мамандары жақсы дайындалған болуы керек. Бұл ретте оларға біліктілікті арттыру курстары көмектеседі. Бұл курстар метеорологқа әрдайым өзгерістер туралы хабардар болуға, ұмытылған білімді жаңартуға және жаңаларын алуға мүмкіндік береді.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары ҚР ҚК метеорологиялық қызметінің кіші мамандары үшін біліктілікті арттыру (қайта даярлау) курстары ұйымдастырылды. Бұл курстардың мақсаты – метеомамандарды қосымша бейіндік мамандық ала отырып қайта даярлау. Біліктілікті арттыру курстары барысында жаңа талаптар мен технологиялар туралы біліп қана қоймай, ең алдымен өз ісіне шын берілген адамдармен кездесуге мүмкіндік береді. Кафедра оқытушыларының арқасында ҚР Қарулы Күштері метеорологиялық қызметінің мамандары өздерінің кәсіби деңгейі мен білімдерін арттыруға мүмкіндік алды. Курстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қашықтықтан оқыту және оқу метеорологиялық стансасы негізінде жүргізіледі. Курстардың ұзақтығы үш аптаны құрайды, курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын куәлік алады.