Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен замануи кезеңге дейінгі

26 қараша, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2021 ж. 29 қараша күні сағ. 10:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, қазақтың көрнекті ұстазы, ағартушысы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен замануи кезеңге дейінгі» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.

Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Алтыссарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және оқу құралдарын жазып шығаруға арнады.

Ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөліп, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға жұмсады.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Башкирия және басқа елдердің ғалымдары, оқытушы-профессорлары мен мектеп мұғалімдерден 100 мақала келіп түсті. Олар конференция жұмысына онлайн режімінде қатысады.

Мақалалар 6 секция аясында топтастырылды:

  1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары: маңызы, сабақтастығы, даму болашағы;
  2. Замануи мектеп модельдері: тәжірибесі, қалыптасуы мен перспективалары;
  3. Қазақстан мектебі: тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы мен тәжірибесі;
  4. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы;
  5. Болашақ мамандарды даярлаудың инновациялық-педагогикалық технологиялары;
  6. Жаңа мектеп моделінде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру: өткені, бүгіні және келешегі

Конференция жұмысы аясында шеберлік –сыныптар өтеді:

  1. «Педагогтардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы этнопедагогикалық мәдениеті».

Жүргізуші: Қоңырбаева С.С - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцент м.а., п.ғ.к.

  1. «Өзін-өзі тану сабағының жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар»

Жүргізуші: Изгуттынова Р.О. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушы, п.ғ.к.

  1. «Эмоцияларды басқару»

Жүргізуші: Сембаева А.М. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцент м.а., п.ғ.к.

 

Конференцияға келіп түскен барлық мақалалар 400 бетті құрайды және жинақ электрондық нұсқада дайындалып, таратылады.

 

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы

Өтетін орны: Философия және саясаттану факультеті, 120 ауд.

Платформа: Zoom

Сілтемесі:https://us02web.zoom.us/j/2363498898?pwd=Qm1sc3NZenEzQVlTempYdmJzZjQwdz09

Идентификатор: 236 349 8898

Код: 1234