«Layered teaching: how to develop language and the mind»

3 ақпан, 2022

      2022 жылдың 2 ақпанында сағат 15:00-де ZOOM платформасында профессор Крис Кортен шет тілдері кафедрасының оқытушыларына : «Layered teaching: how to develop language and the mind» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс интерактивті режимде өтті, ол, өз кезегінде, белсенді және қызықты атмосфераны құрды.

        Дәріс тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған шет тілін оқытудың методикалық әдістеріне арналды. Профессор Кортен бір практикалық тапсырманы мысалға ала отырып, мұғалімнің оқушының тілдік дағдылары мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, оның шет тілін үйренуге деген қызығушылығын оята алатынын көрсетті. Дәріс барысында профессор Кортен аудиторияға осы тапсырманың ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, әрбір сұраққа түсініктеме берді.

     Дәріс соңында оқытушылар профессор Кортенге қызықты әрі мазмұнды дәрісі үшін алғыстарын білдірді.

Басқа жаңалықтар