Академик Т. Тәжібаевтың туғанына 112 жыл

22 ақпан, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 23 ақпан күні сағат 10:00-де академик Т. Тәжібаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған «Қазақстандағы педагогика ғылымының жаңа мүмкіндіктері: тәрбие мен білімдегі серпілістер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Тәжібаев Төлеген (1910-1964) - қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі. Сырдария губерниясында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) туған.

Төлеген Тәжібаев мемлекеттік және педагогикалық қызметтермен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарымен де шұғылданды. 1940 жылы «Халық мұғалімі» журналында жариялаған мақалаларында психологияның сол кездегі көкейтесті мәслелелерін, классикалық психологияның тарихын, қалыптасу жолдарын талдауға алды. Осы еңбектері негізінде 1961 жылы «Жалпы психология» атты тұңғыш оқулық жазды. Төлеген Тәжібаев қазақ тілінде психология ғылымы терминдерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Т. Тәжібаев қыруар қоғамдық, мемлекеттік қызметтерді атқара жүріп, ғылымның дамуына қосқан теңдесі жоқ үлесін атаған жөн. Т. Тәжібаев ұлы ғалым ретінде өзінің үздіксіз еңбегі мен отанына деген шексіз махаббатымен Қазақстандағы тарихи-педагогикалық және психологиялық ғылымның қалыптасуының басында тұрып, білім беру мен мәдениеттің жарық көруіне негіз болды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей және басқа елдердің ғалымдары, оқытушы-профессорлары мен мектеп мұғалімдерден 70 мақала келіп түсті. Олар конференция жұмысына аралас форматта қатысады /онлайн және офлайн/

 

Мақалалар бес секция аясында топтастырылды:

  1. Жаhандану аясындағы білім, ғылым және руханият

2. Әлемдік заманауи мектеп –мұғалім – инновация

3. Т. Тәжібаевтың педагогикалық қызметі және ғылыми мұрасы

4. Қазақстандық патриотизм: жастардың құндылық бағдарын қалыптастырудың қазіргі мәселелері

5. Профессор Жамал Рақымқызы Бәшірованың 80 жылдығына арналған «Ж.Р. Бәшірова және ағартушылық тағылым: сабақтастық, тағылымдық өнеге, педагогикалық идеялары» тақырыбында дөңгелек үстел.

Конференцияға келіп түскен барлық мақалалар 300 бетті құрайды және жинақ электрондық нұсқада дайындалып, таратылады.

 

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

 

Өтетін орны: Философия және саясаттану факультеті, 120 ауд.

Өтілу платформасы: ZOOM

Сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/2170197677?pwd=RlhNb1htSnVQbmFJOGxScEw5bjlCdz09

 

 

Конференция идентификаторы: 217 019 7677

Код: jQs2sg