Шығыстану факультетінде дәстүрге айналған, факультеттің деканы Палтөре Ы.М. бастауымен Қазақстан мектептерінің оқушыларына арналған шығыс тілдерін оқыту тегін онлайн курстары өз жұмысын бастады. Өткен жылы «Жеті күнде-жеті тіл» деген атпен басталған тегін онлайн курстары биылда еліміздің ізденімпаз, білімге құштар жастарын шығыс тілдерінің қыр-сырымен таныстыруда. Бұл курстарда факультетімізде оқытылатын жапон, корей, араб, түрік, т.б. тілдері тегін оқытылады.
Аптасына бір рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мектеп оқушылары құпияға толы шығыс тілдерін оқуға мүмкіндіктері бар. Бұл онлайн курстардың басты мақсаты- өскелең жас ұрпақты Шығыстану факультетінде оқытылып жатқан тілдермен қатар, осы елдердің тарихымен, мәдениетімен таныстыру.
Тегін онлайн курстарға жазылып, оқуға ниет білдірген оқушы санынан, шығыс тілдеріне сұраныс жоғары екенін байқауға болады. Бір жапон тілі курсына 100 жуық оқушылар қатысып, жапон тілінің бастапқы деңгейін оқуда. Жапон тілінің әлемімен оқушыларды Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Ниномия Такаши мен Тазабекова Гульмира сэнсэйлер таныстыруда.
Кафедрада оқытылатын корей тіліне де 100 жуық оқушылар жазылып, әр апта сайын корей тілінің қыр-сырын үйренуде. Корей тілінің ұстаздары профессор Ли Бенг Джо мен Бегалиева Маржан сэнсэним корей тілімен ғана емес оқушыларды корей мәдениетін, тарихын оқытуда.
Бізді елімізде жаңа білім, ғылымға құштар жастардың көптігі қуантады. Шет тілін білу жаңа ілімге, мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, қазір жаһандану әлемінде өмір сүріп жатқан жастарға қанша тіл білседе көптік етпейді.