Қазақстан БҰҰ-да 30 жыл

2 наурыз, 2022

2022 ж. 1 наурызында ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 30 жылдығына арналған семинар өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық орталығының қолдауымен Пан Ги Мунның тұрақты даму институтының маңызды күні қарсаңында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінің "Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасы және шығыстану факультеті бірлесіп ұйымдастырды.

 Студенттер алдында ҚР-дағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек сөз сөйледі. Қызықты және нәтижелі әңгіме барысында осы халықаралық ұйымның тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ ҚазҰУ-дың бейбітшілік пен тұрақты дамуға бейілділік белгісімен БҰҰ құрылымдарымен көпжылдық ынтымақтастығы туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А.Базарбаева «Тұрақты даму саласындағы әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жахандық бастамалары» атты баяндама жасады, ол аудиторияның қызығушылығын тудырды.