Жапонтану апталығы

3 наурыз, 2022

07-12 наурыз аралығында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында жапонтану апталығы басталады. Жапонтану апталығының басты мақсаты – студенттердің оқуға құштарлығын жоғарылату, теория жүзінде оқып жатқан білімдерін тәжірибеде қолдану. Жапония мен Қазақстан арасындағы білім, мәдениет саласындағы қарым-қатынасты дамыту, жақсарту. Өз еліміздің тілін, мәдениетін жапондықтарға таныстыру.

            7 наурыз күні академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алып жатқан Токио шет тілдер университеті, Васэда университеті студенттері кафедра студенттерін жапон ұлттық тағамдарымен таныстырып, онигирі дайындайды.

         8-9 наурыз күндері Токио университетінің студенттерімен симпозиум болады. симпозиумда студенттер өздері тұратын қалаларының туристік жерлерімен таныстырады. Сонымен қатар студенттер арасында әлемде орын алған өзгерістерге қатысты диспут болады.

           10 наурыз күні Жапонияның ұлттық мәдениеті – шәй ішу рәсімі болады. Жапондық студенттер шәй ішу рәсімінің негізгі қағидаларымен таныстырады. Сонымен қатар студенттер жапондық дәстүрде демделген шәй ішуге мүмкіндіктері бар.

            11 наурыз күні кафедраның тәжірибелі оқытушысы С.К. Боранкулова жапондардың ұлттық киімі- кимононың кию үлгісімен таныстырады.

            12 наурызда дәстүрлі Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді.