«Микроэкономика» бойынша пәндік олимпиада

24 сәуір, 2022

2022 жылдың сәуір айының 22-сі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің "Экономика" кафедрасының базасында кафедра ішінде «Микроэкономика» бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырылды және өткізілді.

Олимпиаданың барлық кезеңдерінде 1-5 деңгейдегі үй тапсырмасын, тестілерді, ұяшықтарды, пиктограмманыжәне есеп-тапсырма нысанындағы сұрақтарды пайдалана отырып, қатысушылардың теориялық білім деңгейіне бағалау, сондай-ақ білім алушылардың  "Микроэкономика" пәндерін оқу кезінде алған практикалық дағдыларын көрсету жүргізілді.Олимпиаданың барлық кезеңдеріне арналған тапсырмалар әзірленді, олимпиада тапсырмаларын бағалау критерийлері мен әдістемелері анықталды, олимпиадаға ақпараттық қолдау ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған олимпиаданың қатысушыларыЭкономика және Бизнес Жоғары Мектебінің 2 курс, "Қаржы" тобының, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" тобының, "Есеп және Аудит" тобының"Маркетинг"тобының, "Менеджмент" тобының студенттері болды.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша «Ең шапшаң топ» номинациясын Маркетинг тобы, «Ең алғыр топ» номинациясын Менеджмент тобы алды. орын иегері: Мемлекеттік және Жергілікті Басқару тобы, II орын иегері: Қаржы тобы, III орын иегері: Есеп және Аудит тобы болды.

Ұйымдастырушылар:Тураров Д.Р., Темербулатова Ж.С., Иляшова Г.К., Парманкулова И.С., Аязбаева Г.Б., Мурабилдаева Р.А.