Әл-Фараби атындағы ЭжБ ЖМ «Қаржы және есеп» кафдерасы эдвайзерлері Оралбаева Ж.З. мен Арыстамбаева А.З. ұйымдастыруымен №16 студенттер үйінде «Наурыз- жыл басы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Шараға осы студенттер үйінде тұрып жатқан «Есеп және аудит» мамандығының 1 және 3 курс студенттері қатысты. Мерекелік шарада 1 курс студенттері ұйымдасқан түрде белсенділік көрсетті. Жүргізушілер наурыз мерекесін тойлау себептеріне тоқталып өтті. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз қыстаншығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алумерекесі. Студенттер ұлттық тағамдардан тұратын мерекелік дастархан да жайыпты, ән салынды, күй тартылып, би биленді, тойға шашу да ұмыт қалған жоқ. Студент жастарымызды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеуде үлесі зор шара өткізілді.