"Халықаралық құқық"-2022 Республикалық пәндік олимпиада
2022 жылдың 30 сәуірі әл-Фараби ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы "Халықаралық құқық"-2022 Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға "Тұран-Астана" университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Ясауи атындағы ХҚТУ, СДУ, ҚазХҚжәнеӘТУ, UIB, КИМЭП және Тұран сияқты 10 қазақстандық ЖОО-нан 28 студент қатысты.
ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Ж.Қ.Түймебаев бұйрығына сәйкес конкурстық комиссияның құрамын бекітілді, оның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Н.В. Жұмақанов тағайындалды.
Республикалық олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тест тапсырмалары мен ауызша сұрақ-жауаптардан тұратын 3 турдан тұрды. Конкурстық комиссия "Халықаралық құқық" бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысушылардың нәтижелерін қарап, барлық турлардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады:
* I дәрежелі дипломмен КИМЭП Университетінің студенті Литош Даниил Владимирович марапатталады, жетекшісі: Саяпин С. В.
* II дәрежелі дипломмен КИМЭП Университетінің студенті Халикова София Амировна марапатталады, жетекшісі: Саяпин С. В.
* III дәрежелі дипломмен Халықаралық бизнес университетінің студенті Бурмистрова Яна Владимировна марапатталады, жетекшісі: Жұмабекова Р. А.
Қатысушылар олимпиаданың жоғары ұйымдастырылғандығын, конкурстық комиссияның әділдігі мен әділдігін атап өтті.