Жұмыс берушілер ҚазҰУ мамандар даярлау нәтижелеріне разылық білдірді.
«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы қуанышпен хабарлайды: ҚазҰУ механика-математика, экономика, заң, химия және физика факультеттердің 2011 ж. 40 түлектері жұмысқа орналысты.
ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығымен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде, сонымен қатар ҚазҰУ 2011 Бос жұмыс орындар Жәрмеңкесіне қатысып, 300 түлек бос жұмыс орындарына өз құжаттарын тапсырып, олардың ішінде 40 кәсіпшілік тест өтті және компания басшылығымен әңгімелесуге шакырылды.
Барлық түлектер жақсы академиялық білім, көшбасшылық дағды және үлкен потенциал көрсетті.
«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы,
А. Каймулдина
Осы жылы біз тек Аудит Департаментіне 60 түлек қабылдадық. Іріктеуге көптеген ҚазҰУ студенттері қатысты. Олардың арасындағы кейбір студенттер жұмысқа шақырылды. Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім сапасы KPMG халықаралық стандарттарына сәйкес екндігін дәлелдеді.
Біз үміттенеміз, Жұмыс берушілер Кеңесі шеңберінде бірігіп, біз студенттерді дамытып, біздің кәсіпшілік тобымызды кеңейтеміз.
Н. Озербаева
KPMG халықаралық компаниясы
Мен үшін Сіздермен, студенттермен кездесіп және өз тәжірибемен бөлісу үлкен қуаныш. Студенттер сіздерде керемет! Мені сұрақтардың тереңшілігі және өткірлігі таңдандырды. Осындай сұрақтарды жұмыс істейтін менеджердел арасында жиі кездестірмейсін.
А. Абдуманапова,
Дүниежүзілік Банк тобы
«Ашық кафедра» жобасына шақырғандарына үлкен рахмет. Мен өте қуаныштымын, студенттер өте аңғарғыш және дарынды. Қуанышпен тыңдармандарға сертификат марапаттау салтанатында қатысамын.
А. Тұрсынбаева
HSBC Банк
Мансап және бизнес орталығы 2010/2011 оқу жылында ішінара сауалнама өткізді, сауалнамаға әр-түрлі саланың 400 астам компаниялар қатысты. Қатысушы арасында Қарашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМұнайГаз, Қазатомпром, Ақтөбемұнайгаз, Қазцинк, Қазақмыс, Самрұқ-Қазына, Kazyna Capital Management, Microsoft Казахстан, Ел Арна, Қазэкология, Халық банк, KPMG, Deloite, НИИ компаниялар сияқты ірі компания өкілдері.
Жұмыс берушілер көпшілігі (85%) теориялық, практикалық және кәсіпшілік дайындықты өте жоғары бағалады (4 және 5 балл); 15% - ҚазҰУ түлектер даярлаудың орташа деңгейін көрсетті (3 және 3,5 балл).
Түлектердің жеке сапаларын бағалай отырып, жұмыс берушілрдің 60% мықты жақтарын белгіледі (4, 5 балл): иниатива білдіру, кәсіпшілік назар, топтық жұмысқа дайындық, оқуга деген дайындық және қабілеттік, білімділік және жалпы мәдениет. Түлектердің нашар сапаларына (3 балл– 30%) жұмыс берушілер ойынша қиын мәселелер шешу, басқалардын тәуелсіздік жұмыс істеу, өзгеріп жатқан жағдайларға бейімдену қабілеті. Қатысушылардың 5% комьютерлік білімді төмен (2 балл) және 5% (1 балл) – қиын жағдайларды шешу қабілетін бағалады.
Жұмыс берушілердің 70% ҚазҰУ мамандар даярлау нәтижелерін 5 балл, 25% - 4 балл, 5% - 3 баллға бағалады.
Мансап және бизнес орталығы