«Экономисттік мансаптағы Hard & Soft Skills маңыздылығы»

27 қыркүйек, 2022

2022 жылдың 1-9 қыркүйегі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіЭкономика және бизнес жоғары мектебінің «Цифрлық экономика» және «Экономика» мамандығының бірінші курс студенттеріне арналған бағыт бағдар беру апталығы өтті. Жаңадан келген студенттер өз университеті, кредиттік жүйе, сонымен қатар оқу ғимаратының ішкі тәртібі туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ жетекші ғалымдар мен практиктерден «Экономисттік мансаптағы Hard & SoftSkills маңыздылығы» сияқты тақырыптарда көшбасшылық дәрістер оқылды. Экономика кафедрасының аға эдвайзерімен сабаққа дайындық бойынша кездесу ұйымдастырылып, студенттің ар-намыс кодексіне қатысты сұрақтар талқыланды. Университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды, студенттер білім беру жүйесі, студенттік клубтар және студенттік өмірдің өзі туралы қызықты презентацияларды тыңдады.