Қазақстандағы 2022 жылғы Президент сайлауы: негізгі күндер

30 қыркүйек, 2022

Экономика мамандығының курс студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын форсайттық талқылауға қатысты.  Студенттер мен оқытушылар «Аманат» партиясының өкілдеріне ашық сұрақтар қоя алды.  Алынған ақпаратты талқылау эдвайзерлік сағатта жалғасын таптыСтуденттер Қазақстан Республикасы Президентінің  сайлауының негізгі кезеңдерімен танысты:

* 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында – Кандидаттарды ұсыну

* 21 қазанға дейін – қол жинау және кандидаттарды тексеру

* 21 қазан сағат 18:00-ден 18 қарашаға дейін – Сайлау алды агитация науқаны

* 19 қараша Тыныштық күні

* 20 қараша – дауыс беру

* 21-27 қараша аралығында – Алдын ала қорытындылар жариялау

* 27 қараша – сайланған Президентті тіркеу.

 

Экономика кафедрасының Эдвайзері Абылай Әсел Бәкірқызы