Медицина қызметкерлердің арасындағы республикалық әдеби конкурс

3 қазан, 2022

Ақпараттық хат

 

Ұлы қоғам қайраткер, ғалым, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы медицина қызметкерлері арасында республикалық әдеби конкурс жариялайды.

Өткізу мерзімі: 30 маусым – 26 тамыз 2022 ж.

Конкурс нәтижелері және қорытындысын хабарлау уақыты: 29 қыркүйек 2022 ж.

 

Конкурс мақсаты:

1. Қазақстанның медицина қызметкерлері арасында дарынды шығармашыл тұлғаларды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке ұсыну.

2. Әр түрлі қызмет салаларының өкілдері арасында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытуды насихаттау.

 

Байқау медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлері арасында өткізіледі.

 

Медициналық ұйымдар үшін аталым:

1. «Медицина қызметкерінің өмірінен бір күн».

2. «Ахмет Байтұрсынұлының әлемі»

тақырыптарындағы үздік бейнеролик.

 

Медицина қызметкерлеріне арналған конкурс аталымдары:

1. Үздік поэтикалық шығарма.

2. Үздік прозалық шығарма.

3. Үздік публицистикалық шығарма (эссе, мақала).

 

Марапаттаулар:

1. Конкурс жеңімпаздарының шығармалары арнайы жинаққа жарияланады.

2. Алғашқы 20 орынға ие болған байқау қатысушыларына үздік әдебиеттанушы ғалымдардың, қазіргі ақындар мен жазушылардың жазу шеберлігі, шешендік өнер бойынша мастер-кластарына тегін қатысуына, кеңес алуына мүмкіндік жасалады.

3. 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен қоса оқырман таңдауына орай арнайы сыйлық табысталады (конкурс ұйымдастырушыларының Интернет сайтындағы шығармаларды талқылау нәтижелеріне байланысты).

 

Конкурс шарты:

1. Конкурсқа тек қана медицина ұйымдар мен медицина қызметкерлері қатыса алады.

2. Барлық материалдар тек қана қазақ тілінде қабылданады.

 

Конкурс жұмысына қойылатын талаптар:

 

1. Бейнелер үшін:

Ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейнероликтер қабылданады.

 

2. Әдеби шығармалар үшін:

Конкурсқа жалпы көлемі 10 баспа бетінен аспайтын, 14 кеглмен, бір интервалмен Times New Roman шрифтында терілген жұмыстар қабылданады. Шеттері барлық тараптан 2 см.

 

2. Қонкурстық жұмысқа қосу керек:

 

а) Келесі мәліметтерді қамтыған қатысуға өтініш:

Автордың аты-жөні

Жұмыс орны

Қызметі

Байланыс деректері, телефон, e-mail, WhatsApp

Аталым

Жіберілген жұмысты конкурс ұйымдастырушыларының сайтында және жинақта жариялауға келісу;

 

б) Қысқаша шығармашылық өмірбаян (1 баспа бетінен артық емес).

 

Конкурстың өту барысы:

1. Конкурсқа қатысушы өзінің шығармасын, өтінішін, қысқаша шығармашылық өмірбаянын, сонымен қатар өз шығармасының конкурс ұйымдастырушыларның сайтында және «Тамыр» журналында жариялауға келісімін электронды почта бойынша жібереді.

2. Конкурс ұйымдастырушылары ақын-жазушылардың, үздік әдебиеттанушылардың, филологтар мен медицина қызметкерлері арасынан әділқазылар алқасын тағайындайды.

3. Конкурс ұйымдастырушылары құқылы:

- Конкурсқа түскен өлеңдерді алдын-ала іріктеуден өткізуге;

- Ұйымдастырушылар сайтында әр автордың таңдалған шығармаларын жариялауға.

4. Конкурс ұйымдастырушылары қабылданған жұмыстарды редакцияламайды және олардың мазмұнына жауапкершілік алмайды. Конкурсқа қабылданған барлық жұмыстар авторлық редакцияда жарияланады.

 

Конкурс ұйымдастырушыларының байланыс деректері:

Әдеби конкурс ұйымдастырушыларының ресми сайты: www.kaznu.kz 

 

Өтініш беру мен жұмысты жіберетін электронды адрес: literaturakz2018@gmail.com

Телефондар: +7 (727)3773339 (ішкі 1328, 1330)