Ашық сабақтың тақырыбы «Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің ғылым жолы».

4 қазан, 2022

2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызы күні сағат 12:00 де 302-ші аудиторияда 301-топта заң ғылымдарының докторы, атақты ғалым Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің құрметіне ашық сабақ өткізілген болатын. Ашық сабақтың тақырыбы «Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің ғылым жолы». Ашық сабақта ғалым Н.Б Мухитдиновтың 1940 жылы 9 мамырда дүние есігін ашқаннан бастап, ғылым саласындағы өмірлік жолын студенттермен талдап, ғылыми еңбектері зерттелді.

Н.Б Мухитдинов қазақтың заң ғылымында тайға таңба басқандай, із қалдырған ұлы ғалым. Мухитдинов Нажмитдин Баукеевич Қазақстанның инвестиция және қаржы құқықтарының ғылым ретінде қалыптасып, дамуында өлеулі еңбек сіңірген дара тұлға.

Ұйымдастырушылар: Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Г.К.Шуланбекова, з.ғ.д., Г.А.Куаналиева.