ҚазҰУ Баспасөз қызметі халықаралық байқауда жүлдегер атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаментінің ақпараттық материалдары беделді «Медиа-Наурыз» халықаралық байқауында жоғары бағаланып, жүлделі орынды жеңіп алды.
Байқау ЖОО-ның алтаистика мен түркология саласындағы ғылыми қызметін БАҚ-та жариялау тақырыбына арналды. Оның талаптарына сай, ҚазҰУ Баспасөз қызметінің ұжымы «Жамбыл мерейтойы – түркі халықтары үшін ортақ мереке» және «Әл-Фараби – Икбал»: түркі әлемінің тарихи жадын жаңғырту» материалдары үшін II орынмен марапатталды.
Шығармашылық доданы Азия университеттері қауымдастығы және Этносаралық журналистика гильдиясымен бірге «Үлкен Алтай» алтаистика және түркология ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырды. Ол алтаистика және түркология тақырыптарын медиа кеңістікте дәріптеу және Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия өңірі елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының халықаралық ақпараттық ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткізіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі