- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ АР08052780 "Гидрофильді полимерлер негізінде жаңа қынаптық дәрілік нысандарды алу технологиясын әзірлеу"
ҚР БҒМ АР08052780 "Гидрофильді полимерлер негізінде жаңа қынаптық дәрілік нысандарды алу технологиясын әзірлеу"
әл-Фараби ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары да жаңа полимерлі материалдарды алу үшін осындай "клик" реакцияларын зерттеумен айналысады. Мұндай жұмыс ҚР БҒМ АР08052780 "Гидрофильді полимерлер негізінде жаңа қынаптық дәрілік нысандарды алу технологиясын әзірлеу" жобасын гранттық қаржыландыру шеңберінде жүргізуде. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде химия және химиялық технология факультетінің диссертациялық кеңесінде Д.С. Қазыбаеваның биомедициналық мақсаттағы биодеградацияланатын материалдарды жасау үшін тиол-ен клик-химиясын қолдануға арналған PhD диссертациясы сәтті қорғалынды (жетекшілері: доц. Г.С. Ирмухаметова, ҚазҰУ және проф. В.В. Хуторянский, Рединг университеті (Ұлыбритания)). Тиол-ен "клик" химиясы - құрамында тиол топтары -SH бар молекулалардың қанықпаған байланысты қосылыстар -C=C - арасындағы реакциялардан тұрады. 2022 жылы Жоғары молекулалы қосылыстар журналында Казыбаева, Ирмухаметова және Хуторянскийдің "Тиол-ен "клик-реакциясы" полимер материалдарын алудың мақсатты жолы ретінде" шолуын жариялады. Шолумен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады: орыс тіліндегі нұсқасы (https://www.elibrary.ru/item.asp?id=47958218) және ағылшын тіліндегі нұсқасы (https://link.springer.com/article/10.1134/S1560090422010055).