"Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасының PhD докторы, профессор м.а. Досжанов Е.О. 2022 жылы 1-16 маусым аралығында Брюссель қаласына (Бельгия) НАТО-ның халықаралық жобасы бойынша G5636 SPS "CRBN-ден қорғау үшін биомасса қалдықтарын жоғары тиімді материалдарға валоризациялау" тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өту үшін іс-сапарға жіберілді.
Іс-сапар барысында ҚазҰУ қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары нәтижелері ұсынылды. Мансуров З.А., Досжанов Е.О., Lodewyckx P., Velasco L.F., Boutillara Y., Азат С. бірлесіп жазған "Көміртекті материалдарды синтездеу және қолдану үшін токсинді газдарды тазалау" монографиясы жарияланды.
Сапар аясында Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшілігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіліп, сондай-ақ Брюссельдің шетелдік әріптестері және журналистерімен бірге брифингке қатысты.
Е.О. Досжанов зерттеудің заманауи аналитикалық талдау әдістері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. Бұл жұмыс Брюссель Корольдік Әскери академиясының әріптестерімен бірге жүргізілді.