Кәсіби кітапханашы: ол бүгін кім?

21 қазан, 2022

 

18 қазан сағ. 11:00 Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында аға оқытушы Туенбава Калима Толеубаевнаның және оқытушы Мукашева Шынар Батырхановнаның ұйымдастыруымен 24 қазан «Кітапханашылар күніне» орай «Ақпарат көздерін іздеу және бағалау. Веб-ресурстарды сыни бағалау. Кәсіби кітапханашы: ол бүгін кім?» атты тақырыпта семинар-дискуссия сабағы өтті. Семинар сабаққа «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатысты. Сабақ барысында қазіргі таңдағы кітапханалар мен кітапханашылар статусы мәселесі қарастырылып, заманауи кітапханашылардың бойынан табылу керек дағдылары талданды, кітапханашылардың негізгі ақпарат таратушылар ретіндегі қоғамдағы жаңа имиджін қалыптастыру жөнінде студенттер мен магистранттар арасында дискуссия жасалды. Тақырыпты пысықтау мақсатында 3 курс студенттерінің «Kahoot» бағдарламасының көмегімен дайындаған викториналық сұрақтарына жауап берілді және сабақ қорытындысында кітапханашылардың кәсіби мерекесімен құттықтау видеосы тамашаланды.