"Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" атты сайысы

23 қазан, 2022

21.10.2022 жылы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы оқытушыларының, студенттерінің ұйымдастыруымен БАЗ 3 аудиториясында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атты» сайыс өтті. Сайысқа аталған кафедраның 1,2 курс студенттері қатысып, таныстыру, би өнері, дәстүрлі ән, актерлік шеберлік сияқты кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның негізгі мақсаты – 1 курс студенттері кафедраның негізгі бағыттарымен, профессорлық-оқытушы құрамымен таныстыру. Сайыс соңында сөз алған кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А. студентерді кафедраның негізгі тыныс тіршілігімен таныстырып, білім алушыларға алдағы уақытта оқуда сәттілік тіледі.