«Менің тілім және менің мәдениетім»

28 қазан күні Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Жалпы медицина, Cтоматология және Фармацевтика» мамандықтары бойынша оқитын шетелдік студенттер арасында «Менің тілім және менің мәдениетім» атты постер байқауы өтті. Факультетте Үндістан, Түркия, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер білім алады. Іс-шара мәдени дәстүрлерге, студенттер келген елдердің тіліне, олардың Қазақстан мәдениетімен қарым-қатынасы контекстіне арналды. Байқауды Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Бершина Н.В., Тектибаева Д.Д., Койтасова Г.А. және Байтілеуова Л.А. ұйымдастырды. Постер байқауының ашылуына Негізгі медицина кафедрасының меңгерушісі Сарсенова Л.К. қатысты.
Арнайы YouTube арнасы құрылды, онда тілек білдірушілер постерлік презентацияларды көріп, ең қызықтысына дауыс бере алды. Дауыс беру қорытындысы шығарылғаннан кейін жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар – Қазақстан мен Алматы туралы ағылшын тіліндегі кітаптар табыс етілді.
https://www.youtube.com/shorts/qmaXvdKQYPo
Басқа жаңалықтар


