Корея Республикасының бас консулы Пак Нэчхонмен кездесу
2022 жылдың 2 қараша күні Қиыр Шығыс кафедрасы Корея Республикасының елшілігінің қарамағындағы оқу орталығының қолдауымен Корея Республикасының бас консулы Пак Нэчхонмен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы студенттерімен және Абылайхан атындағы ХҚжӘТУ студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің басты тақырыбы «Корея. Мәдениет, тарих және білім» болды. Іс шараның шымылдығын «6В02207- Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттері Болат Альбина және Омарова Шырын ашты. Студенттер Корея туралы әсерлерімен бөлісіп, қорей бөлімін таңдап, түсу себептерін айтты. Абылайхан атындағы ХҚжӘТУ студенттері КазУМОиМЯ кәрістермен бірлесіп істеген еріктілер жұмыстарындағы алған әсерлерімен бөлісті. Біздің студенттерден кейін бас консулы Пак Нэчхон сөз алып, Солтүстік Кореямен бірігу тақырыбын қозғап, Токто аралының шиеленісіп тұрған сұрақтарын көтерді. Қорытынды сөз Корея Республикасының елшілігінің қарамағындағы оқу орталығының директоры Ким Тхэ Хван алып, Кореяда оқуға арналған әр түрлі гранттар мен бағдарламалар және оларға қойылытын талаптар мен Корея университеттеріне түсу жолдарымен таныстырды.