«Аlmaty creative week»

1 қараша, 2022

01.11.2022ж. Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Аlmaty creative week» форумы басталып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Экономика және бизнес Жоғары мектебі» факультеті студенттері, соның ішінде «Менеджмент» кафедрасының Менеджмент мамандығының 3 курс студенттері де белсене қатысты. Бұл іс-шара қарашаның 5-не дейін жалғасады. Креативті индустрия сферасындағы апталық форумы 9 түрлі елден келген 120-дан астам эксперттер өздерінің жеке тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, аталмыш жиында кино, музыка, театр, инновация және басқа да сфераларындағы дамудың өзекті тақырыптары талқыланды. Студенттерге әртүрлі көрмелер, премьералар, воркшоптар мен мастер-класстар қолжетімді болды. Студенттер «Аlmaty creative week» форумынан пайдалы ақпараттарды тыңдап, креативті, инновациялық жаңа идеяларды үшін шығармашыл орта қалыптасып жатқанын көрді.Жауапты эдвайзерлер: Кукиев А.Ж., Тасжарганов С.И.,Унербаева Р.У.