TransLogistica Kazakhstan 2022

22 қыркүйек, 2022

2022 жылғы 22 қыркүйекте «Бизнес технологиялар» кафедрасының студенттеріTransLogistica Kazakhstan 2022 «Көлік және Логистика» 25-шы Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеде студенттер өздерінің болашақ мамандығына қатысты қызықты ақпараттармен таныс болды.

Translogistica Kazakhstan көрмесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының, Қазақстандық вагон тасымалдаушылар мен операторлар қауымдастығының және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

TransLogistica Kazakhstan-Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі, ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдерінде TransRussia-дан кейінгі екінші орынды алады.